A+ A A-

talgatzhan 64 25-11-2024, 15:00 0

Ақылы автотұрақтар жұмысын бақылайтын мемлекеттік оператор құрыла ма

Республика

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының ақылы автотұрақтар жұмысына бақылау жүргізетін мемлекеттік оператор құру ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

«Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығына сәйкес, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілді. Бірыңғай мемлекеттік оператор құру экономиканың бәсекелес салаларына мемлекеттің қатысуын қысқарту жөніндегі мемлекет саясатымен үйлеспейді. Сондықтан аталған ұсыныс қолдау таппайды», - деді бірінші вице-премьер жауабында.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Роман Склрядың атына жолдаған сауалында ақылы автотұрақтар жұмысына бақылау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркейтін техникалық бақылау құралдары мен аспаптарын орналастыру және бақылау жүргізетін мемлекеттік операторларды құруды ұсынған болатын.

Бұған дейін жол қозғалысындағы құқық бұзушылықтар автоматты түрде анықталатын бұзушылықтар тізбесінен алынбайтындығынжазған едік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив