A+ A A-

talgatzhan 56 25-11-2024, 16:30 0

Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі өзгерді

Республика

Бірнеше күн бұрын әлемдегі ең бай адамдардың тізімі өзгерді, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сонымен әлемдегі ТОП-10 бай адам кімдер және неге иелік етеді:

1. Илон Маск– $314.4 миллиард. Оның байлығы негізінен Tesla, SpaceX және X (бұрынғы Twitter) сияқты компанияларынан құралған.

2.Ларри Эллисон– $234.9 миллиард. Oracle компаниясының негізін қалаушы және технология индустриясының жетекшісі.

3. Джефф Безос– $214.7 миллиард. Amazon компаниясын құрып, Blue Origin ғарыш компаниясы арқылы да танымал болды.

4.Марк Цукерберг– $194.8 миллиард. Facebook (қазіргі Meta) негізін қалаушы ретінде танымал.

5.Бернар Арно және отбасы– $155 миллиард. LVMH сән және люкс тауарлар империясын басқарады.

6. Уоррен Баффет – $148.3 миллиард. Berkshire Hathaway инвестициялық конгломератының басшысы ретінде әйгілі.

7. Ларри Пейдж– $139.4 миллиард. Google негізін қалаушылардың бірі.

8.Сергей Брин– $133.4 миллиард. Ол да Google-дың негізін қалаушы.

9.Дженсен Хуан- $ 127.9 миллиард. Ол NVIDA компаниясының негізін қалаушы.

10. Амансио Ортега - $ 122,6 миллиард. Ортега Inditex корпорациясының негізін қалаушы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив