A+ A A-

talgatzhan 72 26-11-2024, 15:30 0

Елімізде 1,3 мың шақырым теміржол салынады

Республика

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында елде 4 ірі теміржол жобасы іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

Елдің көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту үшін жалпы ұзындығы 1 мың 300 шақырым болатын 4 теміржол жобасы қолға алынды.

«Достық – Мойынты» теміржол учаскесінде екінші жолдардың және Алматы айналма жолының құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» желілерінің құрылысы басталды», - деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, бұл жобалар Достық станциясының өткізу қабілетін жылына 35 млн тоннаға дейін ұлғайтады.

Сондай-ақ, Алматы Орталық Азия мен Қытай арасындағы инфрақұрылым қабілетін 20 млн тоннаға дейін арттырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив