A+ A A-

talgatzhan 5 10-12-2024, 11:00 0

Отбасы банк бастапқы жарнаны 10%-ға түсірді

Республика

Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

Біз бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетеміз. Көбі "Наурыз" бағдарламасы бойынша пәтерлердің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталмағанын, сондықтан бастапқы жарнаның тым жоғары екенін айтады. Өйткені қарыз алушылар кейін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, - деді "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова. 

Ибрагимова пилоттық жоба басталып кеткенін айтты.

Мәселен, 35 млн теңге тұратын дайын пәтердің бастапқы жарнасы 6 млн теңге емес, 3 млн теңге болады, яғни бастапқы жарна 10% болады. 19 қарашада (еск. - Baspana Market) 35 млн теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерлерді орналастырдық. Бұл әрленген пәтерлер. Бұл Астанада іске асырылып жатқан пилоттық жоба. Мұны құрылыс компаниясы ұсынып отыр, - деді банк төрағасы.

Бұған дейін Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимова қаржы сұрағаны туралыхабарлаған болатынбыз.

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}