A+ A A-

talgatzhan 21 12-12-2024, 09:30 0

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нешінші орын алды

Республика

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының жалпы медальдар кестесінде нешінші орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола, барлығы 10 медаль жеңіп алды. 

Атап айтқанда, Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (+92 кг) алтыннан алқа тақты.

Қазақстан әйелдер құрамасынан Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (+81 кг) чемпион атанса, тағы 5 боксшы қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы барлығы 9 алтын, 5 күміс, 6 қолаға қол жеткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан екінші орынға шықты. Алтын медаль бойынша Өзбекстан ғана (11) алда тұр.

Қазақстан әйелдер құрамасы медальдар саны жөнінен көш бастаса, ерлер Өзбекстанды (8 алтын, 2 күміс, 1 қола) алға жіберді.

Азия чемпионатының жеңімпаздары 8 мың АҚШ доллары (4,1 миллиондай теңге), күміс жүлдегерлер 4 мың, қола алғандар 2 мың доллар көлемінде сыйақы алды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Айбек Оралбайдың Азия чемпионатын алтынмен түйіндегенін жазған болатынбыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив