Келер жылдан бастап 1айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. Яғни көрсеткіш арқылы есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұл, әлеуметтік төлемдер және т.б көлемі де артады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осылайша 2025 жылдың басынан бастап айыппұл арқалағандар қанша теңге төлейтінін есептеп көрейік.
Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін (ҚК 372 – бабы) - 3000 АЕК немесе 11 796 000 теңге.
Көшеде түкіру, қоқыс тастау (ӘҚБтК – нің 434-2-бабы) - 10 АЕК немесе 39 320 теңге.
Шулап, тыныштықты бұзсаңыз: жұмыс күндері 22:00 - ден 9:00-ге дейін және демалыс, мереке күндері 23:00-ден 10: 00-ге дейін (ӘҚБтК 437-бабы) - 5 АЕК немесе 19 660 теңге.
Елдімекендерде пиротехникалық бұйымдарды, отшашуларды қолдану (ӘҚБтК 436-бабы) - 20 АЕК немесе 78 640 теңге.
Алкогольдік ішімдіктерді ішу пайдалану немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру (ӘҚБтК 440-бабы) - 5 АЕК немесе 19 660 теңге.
Кәмелет жасына толмаған азаматтардың 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында жүруі (ӘҚБтК-нің 132-бабы) - 3 АЕК немесе 11 796 теңге.
Темекі мен басқа да темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сату (ӘҚБтК 133 – бабы) - 15-тен 100 АЕК-ке дейін немесе 58 980-ден 393 200 теңгеге дейін.
Қоғамдық орындаында балағат сөз айту (ӘҚБтК 434 - бабы) - 20 АЕК немесе 78 640 теңге.
Мұғалімді немесе дәрігерді балағаттау (ӘҚБтК 409-бабы және ӘҚБтК 80-1-бабы) - 30 АЕК немесе 117 960 теңге.
Жала жабу (ӘҚБтК 73-бабы) - 160 АЕК немесе 629 120 теңге.
Дербес деректерді заңсыз жинау және өңдеу (ӘҚБтК 79 - бабы) - 10-нан 70 АЕК-ке дейін немесе 39 320-дан 275 240 теңгеге дейін.
Жалған жарнама тарату (ӘҚБтК 157-бабы) - 100-ден 1000 АЕК-ке дейін немесе 393 200-ден 3 932 000 теңгеге дейін.
Тыйым салынған заттарды сату, сәуегейлік, қайыр сұрау, жезөкшелікпен айналысу мақсатында қоғамдық орындарда жүру (ӘҚБтК 449-бабы) - 5 АЕК немесе 19 660 теңге.
Блогерлердің жалған ақпарат таратуы (ӘҚБтК 456-2-бабының 5-бөлігі) - 30-дан 100 АЕК-ке дейін немесе 117 960-тан 393 200 теңгеге дейін.
Азаматтың паспортын немесе жеке куәлігін кепілге енгізу (ӘҚБтК 494-бабы) - 5 АЕК немесе 19 660 теңге.
Фотосурет: azattyq-ruhy.kz
Пікірлер