Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізге тағы жолбарыстар әкелінетінін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.
Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018 – 2024 жылдар аралығында резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді, 100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді. Еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді, – деді Нысанбаев.
Министр биыл күзде Іле-Балқаш резерватына Нидерландыдан 2 жолбарыс жерсіндірілгенін еске салды.
-2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде. Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз, – дейді Экология министрі.
Пікірлер