A+ A A-

talgatzhan 27 24-12-2024, 11:00 0

Қазаэронавигация Қазақстан аспанынан қанша табыс тауып отыр

Республика

Көлік министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан аспанынан қанша табыс тауып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


- Соңғы 10 жылда «Қазаэронавигация» РМК мемлекеттік бюджетке 67 млрд 494 млн 940 мың теңге аударған. Ал соңғы 5 жылда 39 млрд 686 млн 86 мың теңге аударды. 2023 жылы «Қазаэронавигация» РМК мемлекеттік бюджетке 38 млрд 636 млн 459 мың теңге аударғанын атап өтеміз. Соңғы 10 жылдағы «Қазаэронавигация» РМК-ның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша түскен табысы - 870 млрд 127 млн 389 мың теңге, - деп жазылған жауапта.
Оның ішінде шығыстар - 527 млрд 916 млн 53 мың теңге, корпоративтік табыс салығы - 78 млрд 815 млн 48 мың теңге, тапқан таза пайдасы - 263 млрд 396 млн 288 мың теңге екені көрсетілген.

- Соңғы 5 жылда «Қазаэронавигация» РМК-ның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша түскен табысы - 559 млрд 102 млн 509 мың теңге. 2023 жылы «Қазаэронавигация» РМК-ның қызметінен түскен кіріс 184 млрд 63 млн 55 мың теңге болды. Оның ішінде шығыстар - 87 млрд 670 млн 671 мың теңге, корпоративтік табыс салығы - 19 млрд 119 млн 465 мың теңге, пайда - 77 млрд 272 млн 919 мың теңге, - делінген ресми мәліметте.
Сондай-ақ жауапта кәсіпорынның шығыстары Қазақстанның әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуден түскен өз қаражаты есебінен қаржыландырылатыны айтылған.

Айта кету керек, кәсіпорын мынандай қызметтер ұсынумен айналысады:

Қазақстанның әуе кеңістігінде және әуеайлақ аудандарында әуе қозғалысын жоспарлау және оған қызмет көрсету;
Ұшуды және ұшу кезіндегі байланыс қызметтерін радиотехникалық тұрғыдан сүйемелдеу;
Қазақстанның әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық ақпарат ұсыну;
Ұшу қауіпсіздігін басқару;
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Ұшуды метеорологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;
Азаматтық авиация саласы жұмыскерлерін бастапқы даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру;
Авиамедициналық қызмет, азаматтық авиация саласының авиациялық персоналын куәландыру.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив