
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында отбасымен бірге кинотеатрға барып тамашалайтын фильмдерге шолу жасаған едік, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.
Жаңа жыл қарсаңында Kinopark, Kinoplexx, Chaplin, Cinemax сияқты қазақстандық кинотеатрлар желісі көрермендерді алуан түрлі фильмдермен қуантқалы отыр. Кино туындыларды әр көрермен жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тамашалай алады.
Желтоқсан мен қаңтар айының басында кинотеатрдан қандай фильмдерді тамашалауға болады
Балалар үшін кинотеатрларда Океанияның қауіпті толқынын зерттеуге баратын көсем қызының әңгімесінің жалғасы «Моана 2» анимациялық фильмі өтіп жатыр. Мультфильм қазақ және орыс тілінде ұсынылған. Disney студиясының кезекті қазақ тіліндегі анимациялық фильмінің жабық көрсетіліміне барған едік.
Сонымен қатар Disney студиясының тағы бір туындысы «Муфаса: Арыстан патша» шытырман оқиғалы мюзиклі үш нұсқада ұсынылған. Қазақ және орыс тілінде және түпнұсқа дауыспен көруге болады.
Тағы бір белгілі франшизаның жалғасы – «Sonic 3 кинода». Қазақстандық кинотеатрларда көрсетілім 26 желтоқсанда басталды. Доктор Роботниктің рөліне теңдесі жоқ әртіс Джим Керри қайта оралды.
Отбасымен бірге барып тамашалауға танымал отандық продюсерлер Нұрлан Қоянбаев «Qazaq Alemi» және Гүлнұр Мамасарипованың «Келінжан 3» картинасы көрермендерге жол тартады.
«Qazaq Alemi» патриоттық картинасы екі дос туралы баяндайды, олардың бірі ұнатқан қызына үйленуді армандайды. Бірақ ол үшін «Бизнес по-казахски» франшизасы авторының видеографы болуы тиіс.
«Келінжан» франшизасы бойынша Күлімхан апайдың отбасының көңілді шытырман оқиғаларын көрермендер алдымен телехикая форматында, ал соңғы жылдары толық метражды картинадан тамашалай алады.
Tiger Films-тің тағы бір танымал қазақстандық франшизасы сүйікті кейіпкерлерін үлкен экранға қайтарып жатыр. Бұл жолы Байтемірдің отбасын экзотикалық аралға жібереді. Осылайша «Бишарашки Тайландта» фильмі 26 желтоқсаннан бастап барлық кинотеатрда көрермендерге жол тартты.
Ерекше әсер алғанды ұнататын жандарға Tiger Films продюсерлік компаниясының «Әнел» және «Кадет» қорқынышты сеанстарына баруға кеңес береміз.
«Кадет» пост-хоррорды Токиода өткен халықаралық кинофестиваль жоғары бағалады. Ал 2025 жылдың 2 қаңтарын бастап Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі. Оның ортасында анасы мен баласы болады. Рөлді Анна Старченко, Шәріп Серік, Алексей Шемес, Бауыржан Қаптағай тағы басқа танымал әртістер сомдаған.
Егер көрерменге жанға бататын ерекше тақырыптағы картиналар ұнаса, Баян Алагөзованың «Жауап бер» әлеуметтік драмасын көруге болады.
Алматы қаласының Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында эксклюзивті Theatre HD жобасының көрсетілімдері өтеді. Ол жерде көрермен қауым әлемнің үздік театр қойылымдарын үлкен экранда тамашалау мүмкіндігі бар. Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында Рудольф Нуреевтің хореографиясындағы мерекелік «Щелкунчик» көрсетілімі өтеді.
Осындай әртүрлі репертуар қазақстандық көрермендердің көңілінен шығатыны сөзсіз және мереке қарсаңында қызықты фильмдерді кинотеатрға барып көруге тамаша себеп.
Еске сала кетейік, Алматы және Астана қаласында қазақ тіліне дубляждалған Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі болды.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер