A+ A A-

talgatzhan 57 29-12-2024, 10:00 0

Қазақстанда қанша ілбіс бар

Республика

Ілбіс немесе қар барысы - Қызыл Кітапқа кіргізілген көп жануардың бірі ғана емес, ол - тәуелсіз Қазақстанның ұлттық символы. Адамның көзіне көп түсе бермейтін бұл аң негізінен таулы жерлерде тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.


Саны мен мекендейтін ортасы

Ілбіс жойылып кету қаупі төнген жыртқыш ретінде халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне, сондай-ақ жалпы ауданы 500 мың шаршы шақырым болатын Қазақстан, Бутан, Ресей, Қырғызстан, Непал, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан сияқты 12 елдің Ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген. Соңғы жылдары Қазақстанда жануарлар дүниесін қорғауда оң динамика байқалады. Бұл сирек кездесетін жануардың жойылып кету мәселесін шешу үшін БҰҰ Даму Бағдарламасы Ұлттық серіктестермен бірлесіп, Қазақстандағы ілбіс пен оның мекендейтін жерлерін сақтау бойынша жұмыстар қолға алынды. Бұл жоба 2018 жылдан бастап БҰҰ ДБ мен жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) ынтымақтастығы аясында іске асырылып жатыр.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив