Шығыс Қазақстан облысында бүгін екі мәрте қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкін Ұлан ауданының аумағында жүрді.
- Облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» тасжолының 101-ші шақырымында өздігінен қар көшкіні жүрді. Түскен қардың жалпы көлемі — 550 текше метр. Қар жолды толығымен жауып қалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында қар көшкіні жүргені хабарланған.
Сондай-ақ өңірде қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылған болатын.
Пікірлер