A+ A A-

talgatzhan 33 6-01-2025, 10:00 0

2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 95%-ға дейін ұлғаяды

Республика

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinformға сілтеме жасап.


Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады. 

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету үшін, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттыру жоспарланған.

Мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады. 500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады. 2025 жылы еліміздің барлық өңірінде «Қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Орта білім беруде 272,8 мың оқушыға арналған орын енгізу; ерекше қажеттілігі бар балалардың 90%ын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамту; физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндері бойынша 1 мың заманауи кабинет сатып алу; 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту жобасын іске қосу жоспарлануда.

Колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша сұранысқа ие мамандықтарға (9-сынып түлектерін) 100% тегін оқытумен қамту; жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайту; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыру; жеке инвестиция тарту арқылы 80 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту және жабдықтау; колледждерде шағын 10 кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.

Осыған дейін үкіметтің баспасөз қызметі тұтастай алғанда, білім беру жүйесі мен ғылым саласы ғылыми-технологиялық прогресс сұраныстарынан туындайтын серпінді даму сатысында тұрғанын мәлімдеді.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив