A+ A A-

talgatzhan 27 6-01-2025, 11:00 0

Еңбекмині айлығы 20%-ға өсетін мамандарды атады

Республика

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға көтеріледі, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

— Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді. Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды, — делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, осыған дейін жекеменшік және мемлекеттік колледж педагогтерінің жалақысы теңестірілетінін хабарладық.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив