455 498.77 5.56
A+ A A-

Мектептерде ұлттық киімге ақша жинау заңды ма

Мектептерде ұлттық киімге ақша жинау заңды ма [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде ұлттық киім кию бастамалары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.


Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Астанадағы № 60 мектептің ата-аналары әкімшілік жұма күндері кию үшін балаларға ұлттық киім алуға мәжбүрлеп жатқаны туралы шағымдар түскен айтылды. Журналист сұрағына жауап берген министр бұл ерікті түрде, ұжым болып қабылдаған шешім екенін айтады. 

— «Біртұтас тәрбие» атты тәрбие жұмыстарының аясында білім беру ұйымдарында ата-аналар комитетінің шешімімен шешім қабылданады. Ол туралы маған да ақпарат беріліп отырады. Мен ондай шешімнің ерікті түрде жасырын ниетсіз-ақ қабылданғанына көз жеткізу үшін ата-аналармен кездестім. Алайда бұл министрлік бұйрығымен қабылданған заңға қайшы болмау керек, — деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ, министр мектепте ұлттық киіммен жүруге ешқандай шектеу жоқ екенін атап өтті. 

Айта кету керек, елімізде мектепке арналған киімге қойылатын барлық талап Кеден одағының техникалық регламентіне cәйкес реттеледі. 


Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив