A+ A A-

talgatzhan 29 8-01-2025, 16:30 0

Жұмысшы мамандықтар жылы: 10 кәсіби мереке аталып өтіледі

Республика

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында биыл елімізде 10 кәсіби мереке атап өтілетінін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.


— Жұмысшы мамандықтар жылына орай министрлік жетекшілік ететін салалардағы жұмысшы мамандықтар өкілдерін мадақтауға арналған 10 кәсіби мерекені атап өту көзделген, — деді ол.
Сондай-ақ, ведомство жоспарында оқушылар мен студенттерге «ашық есік күндерін» ұйымдастырып, колледждерде жұмыс жәрмеңкелерін өткізу көзделіп отыр.

— Бұған қоса, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша жұмыстар жалғасады, — деді министр.
Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған еді.

Осыған дейін Қанат Шарлапаев құрылыс пен металлургия саласында пайда болған жаңа мамандықтарды атағанын жаздық.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив