A+ A A-

talgatzhan 4 10-01-2025, 14:30 0

Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді

Республика

Мұхтар Мағауиннің жаназасы 11 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатында жергілікті уақытпен 10:00–де түріктің Diyanet Center of America мешітінде өтеді және сол штаттың зиратына жерленеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Америкадағы қазақстандықтар агенттікке хабарлады.

— Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00–де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00–де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00–де Parklawn Memorial зиратында өтеді, — деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.
Еске сала кетсек, бүгін таңда белгілі жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та 85 жасында дүниеден озды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген.

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы (1984) атағының, Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997), «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019) болды.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}