Өзбекстанның Көлік министрлігі жаңа халықаралық автобус рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform ға сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Қарақалпақстан мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өңірін байланыстыратын маршрут іске қосылады. Ол Нүкіс - Үргеніш - Бұхара - Үрімші бағытымен қатынайды.
Сонымен қатар Қазақстанға мына бағыттар бойынша автобус рейстері ұйымдастырылады:
Бұхара - Түркістан;
Үргеніш - Ақтау;
Ферғана - Алматы (Тәжікстан аумағы арқылы).
Мұнымен бірге, Ресейге қатынайтын жаңа маршруттар ашылады:
Ташкент - Уфа;
Ташкент - Краснодар;
Нүкіс - Краснодар;
Үргеніш – Нүкіс - Уфа;
Сұрхандария – Бұхара – Үргеніш – Нүкіс - Мәскеу.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа теміржол желісі салынып жатыр.
Еске салайық, таяуда президент Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан жеке куәлікпен өту тәртібі енгізілуі мүмкін екенін мәлім етті.
Пікірлер