455 498.77 5.56
A+ A A-

Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе көбейеді

Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе көбейеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияны ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.

Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.

Колледж студенттерінің стипендиясы тағы 50 пайызға өсетінін жазған болатынбыз.


Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив