A+ A A-

talgatzhan 33 24-09-2024, 10:25 0

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде алды

Республика

Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды, Buqara.kz  сайтының тілшісі kazinform  сайтына сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы көрсеткіштің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023), сонымен қатар Қазақстан Республикасының рекордшысы.

Осыған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алғанын жаздық.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив