A+ A A-

talgatzhan 31 11-04-2025, 17:40 0

"Тек дайындалуымыз керек". Доллар 600 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Республика

Мұнай бағасы құлдырай берсе, доллар 600 теңгеге дейін шарықтап кетпей ме? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Егер мұнай бағасы күрт түссе, әрине біздің экономикамызға, мемлекеттік кірістерге, теңге бағамына әсер етеді. Ол сөзсіз. Бірақ оған біздің ықпалымыз жоқ. Оған біз тек дайындалуымыз керек және оған дайындалып жатырмыз, - деп айтты Сүлейменов.

Журналистер “Ұлттық банктің, Үкіметтің болсын екінші жоспары жоқ па?” деген сұрақ қойды.

Дәл қазір біздің ғимараттары Үкіметтің, Ұлттық экономика және Қаржы министрлігінің өкілдері отыр. Қазір соны дайындап жатырмыз. Макроэкономикалық модель өте жақсы. Сондықтан олар бізге келіп, “Б” немесе “С” жоспары сияқты ортақ жоспар құрып жатырмыз. Келесі аптада керек болса жариялаймыз, – деп жауап берді Ұлттық банк басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив