A+ A A-

talgatzhan 23 Кеше, 12:00 0

Премьер-министр кәсіби мерекесіне орай металлургтерге Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етті

Республика / Бүгін

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының қызметкерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тау-кен металлургия кешені — өнеркәсіпті дамытудың негізі. Тәуелсіздік жылдарында бұл сала тұрақты экономикалық өсімге және әлеуметтік әл-ауқаттың нығаюына ықпал етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасына қосқан үлесі 6,9%-ды құрады. Бүгінде салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың күнделікті жұмысы машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика саласының дамуына серпін береді.
Олжас Бектенов металлургия саласын дамыту Үкіметтің басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өндірісті жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және заманауи технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасатын болады.
Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тау-кен металлургия кешенінің еңбеккерлеріне, оның ішінде металлургтерге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Мемлекет басшысы алғаш рет екі жаңа мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтарын тағайындады.
Осы жылы барлығы тау-кен металлургия өнеркәсібінің 600-ге жуық жұмысшысының еңбегі атап өтілді. Олар – бүкіл ел бойынша өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері. 
Мемлекеттік наградаларды металлургтерге өнеркәсіп және құрылыс министрі, Астана және Алматы қалаларындағы, Ұлытау және Абай облыстарындағы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы өңір әкімдері табыс етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив