A+ A A-

talgatzhan 38 6-01-2026, 13:00 0

Темекі тағы қымбаттады

Республика / Бүгін / ШҚО

Тауардың ең төменгі бөлшек саудадағы бағасы 50 теңгеге өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Kazinform хабарлауынша, өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 бұйрығымен көзделген.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сүзгісі бар және сүзгісіз 20 дана темекі қорабының, папиростардың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңге болып белгіленді.

Айта кетейік, 2025 жылдың шілде айынан жылдың соңына дейін темекінің ең төменгі бағасы 920 теңге болған. 

Фото: kz.kursiv.media

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив