A+ A A-

talgatzhan 46 30-10-2024, 15:00 0

Еуроодақ Қытайдан әкелінетін көлікке салықты көбейтті

Республика

Еуро Одаққа Қытайдан жеткізілетін электромобильдер (BEV) импорттау тарифтері 35,3%-ға жеткен. Осыған орай Еуроодақ қосымша баж салығын енгізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform  сайтына сілтеме жасап.

«Тергеу көрсеткендей, Қытайдағы BEV құнын құру тізбегі ЕО-дағы BEV өндірушілеріне экономикалық зиян келтіру қаупін төндіретін әділетті еме субсидидан пайда көріп отыр», - делінген ЕК коммюникесінде.

Құжатта Еурокомиссияның субсидияға қарсы аяқталған тергеуінің қорытындысы негізінде қытайлық экспорттаушыларға келесі өтемақы баждарын енгізу туралы шешім қабылданғаны хабарланады: BYD – 17,0%, Geely – 18,8%, SAIC – 35,3%.

«Басқа серіктес компанияларға 20,7 пайыз көлемінде баж салығы салынады. Tesla компаниясын жеке тексеру туралы дәйекті өтініш болған жағдайда, 7,8% көлемінде баж тағайындалады. Комиссия сондай-ақ ЕО және ДСҰ ережелеріне сәйкес рұқсат етілгендей жеке экспорттаушылармен баға міндеттемелері бойынша келіссөздерді ашық жүргізбек», - деп түсіндірді ресми Брюссель.

Сондай-ақ Еурокомиссия болашақта «қолданыстағы шаралардың тиімділігін, соның ішінде оларды айналып өтпеуін қамтамасыз етуді бақылайтыны» хабарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив