Бұл туралы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Саят Тойкенов ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, білім ошағы салынып жатқан қала немесе ауданда жергілікті атқарушы орган мектептерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Шенеуніктер арасында мұны ИКИ деп қысқартып айтады. ИКИ дегенге ғимараттың жылу, электр желілеріне қосылуы, кәріз жүйесі сияқты жұмыс түрлері кіреді.
Мәлім болғандай, салынып жатқан жеті мектептің алтауында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамту аяқталды.
- Өскемен қаласы Есенберлин даңғылы бойындағы 2025 жылы аяқталатын 1 мектептің ИКИ құрылысы 2025 жылдың 30 маусымына дейін тәмамдалады. «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық Ұлттық жобасын іске асыру 3000 оқушыны жаңа білім ордасымен қамтамасыз ете отырып, қала және ауыл оқушыларының бірдей деңгейде заманауи білім алуына жағдай жасайды. Сондай-ақ білім берудің жаңа стандарттарын енгізетін болады, - деді Саят Ерланұлы.
Фотосурет ustazmartebesi.kz
Пікірлер