Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары осыған қысқаша тоқталып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма басшысының орынбасары Саят Тойкеновтің сөзінше, мектептердің нысаналы құрылысы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырыс беруші болып саналады.
– Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жайлы мектептердің ерекшелігі сол, бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек блоктарда оқытады. Бұл қауіпсіздік шараларын арттыру мәселелерін шешеді. Әр мектепте психолог және логопед кабинеттері, робототехника, биотехнология, STEM зертханалары, хореография залы, коворкингтер, 600 орындық мектептерде жеке спорт залдары (бастауыш және жоғары сыныптар үшін) болады, – деді басшының орынбасары.
Фотосурет www.uralskweek.kz
Пікірлер