«Жайлы мектеп» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасындағылар айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес пилоттық ұлттық жоба аясында аймақта 3 мың орындық 7 мектептің құрылысы жүргізілуде.
– Оның ішінде, 1800 орындық төрт мектепті осы жылдың 25 желтоқсанына дейін, 1200 орындық 3 мектепті 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. 2023-2024 жылдарға 7 мектеп бойынша 27,3 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 18,7 млрд. теңге түсті. Биылға қажеттілік 8,6 млрд. теңгені құрайды, – деді басқарма басшысының орынбасары Саят Тойкенов.
Пікірлер