Мұндай ақпаратпен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының орынбасары Саят Тойкенов бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әу баста Ұлттық жоба аясында өңірде 10 білім ошағы бой көтереді делінген болатын. Соңғы мәліметтерге сенсек, олардың саны 7-ге қысқарды. Осының анық-қанығын жауапты тұлғалардан сұрадық.
– Бастапқыда 10 мектеп деп бекітілген. Бірақ бүгінде осы жоба шеңберінде 7 мектеп салынып жатыр. Неге деген сұрақтың бір жауабы – қаржыландыру болмады. Жалпы, 7 мектеп құрылысына 27,3 млрд. теңге қарастырылған, – деді Саят Ерланұлы.
Фотосурет www.ortcom.kz
Пікірлер