Ресми ақпаратты облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек Өскеменде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлға бұл қадам Президенттің өңір экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында қолға алынғанын жеткізді.
– Сондай-ақ облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды ескере отырып, 2025 жылдан бастап «Құрылыстағы сметалық іс», «Логистика», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Жаңартылатын энергетика», «Әуе энергетикасын ұйымдастыру», «Су көлігін пайдалану», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Цифрлық техника», «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану», «Техникалық қызмет көрсету және жөндеу» және т.б. жаңа мамандықтар ашу жоспарланып отыр, – деді басшының орынбасары.
Пікірлер