Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыста келер жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғандықтан білім басқармасы өкілдерінің жоспарына айтарлықтай өзгеріс енген. Мәлім болғандай, өңірдегі 27 колледжде студенттерге кәсіби дағдылар мен тәжірибелерді жинақтауға мүмкіндік беретін дуальды оқыту біршама қолдау тауып келеді. Дуальды оқытумен қазіргі уақытта 5 047 студент және 448 кәсіпорын қамтылып отыр, онда студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады.
– Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап жұмысшы біліктілігін алуға 10-11 сынып оқушыларын мектепте және колледжде бір мезгілде оқыту арқылы аттестат пен дипломды қатар алуға мүмкіндік беретін республикалық жоба іске асырылуда. Осы жылы аталған жоба бойынша 4 колледжде 101 оқушы білім ала бастады (2023 жылы – 48 оқушы). Аталған жобаға 4 колледж бен 149 студент қатысуда, – деді білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.
Пікірлер