Білім басқармасы басшылығының мәліметінше, колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытуды қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен жылда мемлекеттік тапсырыс бөлініп отырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жыл сайын облыстық білім басқармасы салалық басқармалармен, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, аудан және қала әкімдіктерімен тізе қосып, алдағы 4 жылға кадрлар қажеттілігін айқындайды.
– 2025-2028 жылдарға кадрлар қажеттілігі 20 678 орынды құрады. Облыста машина жасау, металлургия және құрылыс мамандарына қажеттілік басым болуына байланысты мемлекеттік тапсырыстың 2700 орны «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс өнеркәсібі» саласы мамандықтарын даярлауға бағытталып отыр, – деді басқарма басшысының орынбасары Алима Ақылбек.
Сонымен бірге, колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытуды қамтамасыз ету үшін жыл сайын жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыратын көрінеді.
– 2024-2025 оқу жылына 6 630 мемлекеттік тапсырыс бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 700 орынға артып отыр. Оның ішінде жұмысшы біліктілігіне 1 955 студент (29,5%) (2023 ж. - 1903 адам) қабылданды, – деді басшының орынбасары.
Фотосурет mtrk.kz
Пікірлер