A+ A A-

talgatzhan 37 11-11-2024, 14:10 0

Павел Колмаков пен Анастасия Городко фристайл могулдан халықаралық жарыста топ жарды

ШҚО / Спорт / Бүгін

Аустрияның Хинтертукс қаласында өткен сайыста ел қоржынына алтын да, күміс те, қола да түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Qaz_team_official дерегінше, Хинтертукс курортында өткен халықаралық турнирде спортшылар 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Жекелей сында Павел Колмаков 77,15 ұпаймен жеңіске жетіп, жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Антон Бондарев болса 70,18 ұпаймен қола медаль алды.
Әйелдер арасында да Қазақстан спортшылары биіктен көрінді. Анастасия Городко 73,88 ұпаймен алтынды жеңіп алса, Аяулым Әмренова 72,33 ұпаймен күміс медаль иеленді.
2-ші күні параллель-могул сайысында Павел мен Анастасия тағы да қарсыластарынан озып, турнирде топ жарды.

Фотосурет Olympic.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив