A+ A A-

talgatzhan 33 13-11-2024, 17:30 0

Риддерде жылыту маусымы ойдағыдай жүргізілуде

ШҚО / Риддер

Жауапты тұлғалар мәліметінше, биыл берілген жылу мөлшері өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда  мол, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алпыс мыңға тарта тұрғыны бар қалада қыс басталып кетті. Кей тұрғын аяз атқа қонса, былтырғы жағдай қайталанбаса деген сауалдарын қойып жатты. Жауған қалың қар мен сықырлаған сары аязға қарамастан, қаладағы үйлердің біразының жылыту жүйелері жаңартылған. Нәтижесінде, елдімекен тұрғындары биыл соның жемісін көріп отыр.
Қала тұрғыны Галина Михайлованың сөзінше, 19 жылдан кейін үйлері енді жылып жатыр.
- Биыл бірқатар үй мен балабақша, мектептердің жылу жүйлері жөнделді. Қызметкерлерге зор алғыс айтамын. Өткен жылмен салыстырғанда нәтиже бірден білінді, үйім ыстық. Жылу батареясы қазір қол тигізбейді. Тек менікі ғана емес, көршілерімдікі де сондай. Әзірге ешкім шағымданған жоқ, - деді қала тұрғыны.
Айта кетейік, тұрғындардың айтуынша өткен жылғы қыста үй ішіндегі температура 15-18 градусты көрсеткен, қазір одан біршама жоғары деңгейді көрсетіп тұрғанын жеткізді.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив