A+ A A-

talgatzhan 58 14-11-2024, 13:00 0

ШҚО-да «IT Innovation Fest» республикалық фестивалі өтті

ШҚО

Өскеменде мектеп оқушылары мен студенттер арасында IT саласындағы жаңа мүмкіндіктерді көрсету үшін «IT Innovation Fest»  байқауы өтті, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Жаңа технологиялар мен инновацияларға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған бұл ауқымды іс-шара республиканың барлық өңірінен келген оқушыларды, оқытушылар мен студенттердің басын қосты. Бүгінде ақпараттық технологиялар барлық салада маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақ үшін ең танымал және болашағы зор дүние. Шараның басты мақсаты – жастарға IT саласындағы жаңа мүмкіндіктерді көрсету, олардың қабілеттерін дамыту және инновациялық жобаларды ілгерілетуде қолдау көрсету. Фестиваль Қазақстанның барлық аймағынан білім беру және стартап мәдениетін дамытуға ықпал ететін қатысушыларды тоғыстырды. 
-  Негізінен жарысымыз үш бағыт бойынша өтеді. Біз мұнда Шығысқа белгілі ең танымал IT мамандары мен сол салада жемісті қызмет атқарып жүрген бірқатар сала өкілдерін шақырдық. Жарысқа республика бойынша 7 қаладан 850-ге тарта болашақ маман келіп, өзара сайысқа түседі. Мұнда әлеуметтік желі және басқа да онлайн платформалар арқылы көрермендер үшін фестивальдің маңызды сәттері көрсетіледі. Додаға 14 пен 21 жас аралығындағы жас мамандар қатыса алады, - деді «Oskemen HUВ жетекшісі  Дидар Мұратұлы.
Айта кетейік, шараның негізгі ұйымдастырушысы – Oskemen HUB, ал серіктестері – ЕҰУ, SDI Alumni Club және Enactus EKTU.
Аталған жарыс қатысушысы Давид Москвиннің сөзінше, мұнда өзі жасаған роботты ала келді.
-  Осы бағдарламаға арнайылап екі робот құрастырдым, бүгін соларды қазылар алқасына ұсынатын боламын. Осындай дүниелерді құрастыру өзіме қатты ұнайды. Болашақта бұдан да жақсы заттарды ойлап тауып, халыққа ұсынамын. Жалпы IT саласының болашағы өте зор, заман дамыған сайын бұл сала да қарқынды дамып келеді,- деді жарыс қатысушысы.
Айтар болсақ, аталған фестиваль екі күнге созылды.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив