Жуықта Талдықорған қаласында өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында облыс спортшылары үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайыс 12-20 қараша аралығында өтті. Бұл жеке-командалық чемпионат. Әдеттегідей, шығысқазақстанық зілтеміршілер де елішілік додаға тыңғылықты дайындықпен барды.
Үздік шыққандардың бірі – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов. Жүлде болғанда, бабы келісіп, 89 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Улановтың жарыс жолына шықпағанына да біршама уақыт болды. Қазір облыс жанкүйерінің біршамасы оның Бразилия төріндегі жарқын өнерін, тіпті әлемдік деңгейдегі спортшының барын ұмыта бастағаны рас. Дегенмен күні кеше Қазақстан көлемінде үздік екенін тағы бір дәлелдеді.
Айта кетейік, Денис Уланов дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Алтай қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.
Бұдан бөлек, жерлестерімізден 81 келіге дейінгі салмақта Владимир Васильев қола, Ерсұлтан Тұрсынбеков (67 келі) күміс, Дарья Павлова (64 келі) күміс,
89 келіге дейінгі салмақ:
1. Денис Уланов (ШҚО) – 347 кг (156+191)
2. Алексей Чуркин (Қостанай облысы) – 345 кг (155+190)
3. Вячеслав Корщиков (Қостанай облысы) – 328 кг (153+175)
81 келіге дейінгі салмақ:
1. Едіге Емберді (Астана) – 327 келі (147+180)
2. Әлібек Рахымберді (Алматы) – 323 келі (142+181)
3. Владимир Васильев (ШҚО) – 309 келі (143+166)
67 келіге дейінгі салмақ:
1. Әлихан Әскербай (Жетісу облысы) – 289 келі (133+156)
2. Ерсұлтан Тұрсынбеков (ШҚО) – 277 келі (130+147)
3. Виктор Надворный (Ақмола облысы) – 273 келі (125+148)
Әйелдер санатында 64 келіге дейінгі салмақ:
1. Алтынай Тәңірбергенова (Қызылорда облысы) – 186 келі (81+105)
2. Дарья Павлова (ШҚО) – 177 келі (82+95)
3. Ақтоты Қанашева (Алматы) – 137 келі (60+77)
Фотосурет qaz_team_official парақшасынан
Пікірлер