Ресми ақпаратқа сүйенсек, аймақта 129 қарлы учаске және 325 қар көшкіні жүретін орын бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 21-22 қараша күндері өткізіледі. Онда құтқарушылар мен азаматтық қорғау күштерінің қысқы кезеңде туындаған төтенше жағдайларды жою әрекеттері пысықталады.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің ақпаратынша, қыстағы аймақ климаты өте күрделі: бірде аяз, бірде боран һәм желді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, аймақта 129 қарлы учаске және 325 қар көшкіні жүретін орын бар.
- Аңыз бойынша облыста күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты бірден бірнеше апаттық жағдай мен оқиға тіркелді. Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің ахуалдық орталығында шұғыл және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау қызметтерін басқару мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін штаб орналастырылды. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес облыс аумағында 1717 адам, 686 бірлік техника жұмылдырылатын болады. Төтенше жағдайлар департаменті апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, эвакуациялау үшін 114 бірлік техника дайындады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
22 қарашада күні төтенше жағдайлар болған аумақта практикалық іс-қимылдар пысықталады.
Пікірлер