A+ A A-

talgatzhan 27 22-11-2024, 10:12 0

ШҚО-да «Аңсаған сәби-2024» бағдарламасы бойынша тұңғыш сәби дүниеге келді

ШҚО

Салмағы 3050 грамм, бойы 48 сантиметр болатын нәресте 20-шы қарашада дүниеге келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сәбидің ата-анасы үш жыл бойы бедеулікпен есепте тұрып, консервативті ем алған, алайда еш нәтиже шықпады. Кейін олар көмекші репродуктивті технологияға жүгінді. Экстракорпоралды ұрықтандыру бұл отбасы үшін оң шешім болған.
- 2024 жылы «Аңсаған саби» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысына ЭКҰ-ға 252 квота бөлінді. Шақалақ биыл осы бағдарламаның арқасында өмірге келген тұңғыш сәби. Басқа отбасылар тағатсыздана күткен сәбилер де жарық дүниенің есігін ашуға таяу, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас репродуктологы Надира Слямханова.
Сондай-ақ репродуктолог маман бұл бағдарлама келесі жылы да жалғасатынын айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив