A+ A A-

talgatzhan 40 22-11-2024, 12:45 0

ШҚО-да суқұзғынның көбеюі балық шаруашылығына қауіп төндіруде

ШҚО

Зайсан көлінде, Ертіс өзені мен Бұқтырма су қоймасында мекен ететін суқұзғындар саны артуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл мәселені жуырда өткен жалпы отырыста ҚР Сенатының депутаты Лұқбек Тұмашинов көтерді.
- Соңғы жылдары бұл құстың саны миллионға дейін жеткен. Құс тек Зайсан, Марқакөл, Бұқтырма су қоймаларында ғана емес, ірілі-ұсақты өзендерде де бағалы балық түрлерімен қоректенуде. Бір күнде ересек құс бір келіге дейін балық жейді, олар балық шаруашылығына зиян келтіреді, - деді депутат.
Жыл сайын Шығыстағы су айдындарын балықпен қоректендіруге қомақты қаражат жұмсалады. Ал жыртқыш құстар санының тез өсіп келе жатқаны балықтар мен шабақтардың 30%-ға дейін санын азайтады. Өйткені олар негізінен құртшабақпен қоректенеді. Лұқбек Тұмашинов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдеріне суқұзғындарын ату арқылы ғана мәселе шешілетінін айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив