A+ A A-

talgatzhan 33 22-11-2024, 16:31 0

Демалыс күндері ШҚО-да бұрқасын болады

ШҚО

Ертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде  бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы өкілдері 23-ші қарашаға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
– Сенбі күні облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, – деді синоптиктер.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті мамандары алыс жолға шықпауды және жел екпіні қатты кезінде сымдар мен тербелетін заттарға, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмау керектігін еске салады. 
– Төтенше жағдай кезінде бірден «112» нөміріне хабар беріп, сондай-ақ құтқарушыларды шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттандырғышты әрдайым өзіңізбен бірге ала жүріңіз, – делінген мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив