A+ A A-

talgatzhan 44 13-09-2024, 18:50 0

ШҚО-да 5000-нан астам адам «Қарызсыз қоғам» курсын тәмамдады

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоба 2024 жылдың ақпан айынан бастап іске асырылуда.

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы «АМАNАТ» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын (бұдан әрі - жоба) атап өтті (жобаның сайты - qogamfin.kz).
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоба 2024 жылдың ақпан айынан бастап іске асырылуда.
Жоба бойынша оқыту барысында отбасылық бюджетті қалыптастыру мәселелері, несиелік нарықты талдау, инвестиция салу құралдары, мемлекеттік қолдау шаралары және отбасының тұтас әл-ауқатын арттыру үшін қажетті қаржылық сауаттылық саласындағы жоғары құзыреттілікке ие болудың басқа да мәселелері қарастырылады.
Аталған оқу курсында тәлім алған азаматтарға қажетті кеңестер және заңгерлік қолдау (оның ішінде: қамауға алынға шоттарды босату, қарыздардың құрылымын өзгерту, қаржыландыру және т.б. жөнінде) алуға мүмкіндік беретін сертификаттар беріледі.
ШҚО бойынша барлығы 5000-нан астам адам аталған оқу курсын оқып шықты. Ооқыту кесте бойынша жүргізіледі және жыл соңына дейін әртүрлі алаңдарда өткізілетін болады.
Мәселен, осы жылдың маусым айынан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК қызметкерлері аталған жобаға белсенді қатысып, қазіргі уақытта кәсіпорынның 100-ге жуық қызметкері оқытылды.
Қала кәсіпорындары өз қызметкерлеріне тегін оқу курсынан білім алуға және қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретін әрекеттері мен талпынысы қуантады. Осылайша біз халқымызды алаяқтардан қорғай аламыз, ал көпшілік адамдар өз ісін бастай алады. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу курсының 9 қатысушысы 400 АЕК көлемінде грант алып, өз бизнесімен айналысатын болады, - деді жоба тәлімгері Ермек Жумагулов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив