A+ A A-

talgatzhan 45 26-11-2024, 20:00 0

ШҚО-да су нысандарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде

ШҚО
«AMANAT» партиясының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты 6 су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын реконструкциялау, 2 су торабы мен магистральдық каналды қайта жаңарту жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, есептеу жұмысы басталды.
 
Яғни, алдағы уақытта Тарбағатай аудандағы Бегетай, Қазақбай, Қараша, Болат, Қаратоған және Бұрымбет каналдары мен Қандысу су торабы, Есенгелді магистральдық каналы қайта жаңғыртылмақ. 
«Аталған су шаруашылығы жүйелеріне «Қандысу» су тоспасымен бірге 60 жылдан бері жөндеу жұмысы жүргізілмей, шаруаларға айтарлықтай қиындық тудырып келген еді. Яғни, тозған су тоспасы мен су жүйелері (каналдар) егіншілікпен айналысатын шаруаларға қол байлау болып, жалпы өнім көлеміне әсер етті. «AMANAT» партиясының мүшесі, сала басшысы ретінде осы мәселені халықпен бірге көп жылдан бері көтеріп келеміз. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Еділ Жаңбыршин де бірнеше рет келіп, жағдайды өз көздерімен көрді», – деді Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «ҚазСуШар» Ақжар өндірістік учаскесінің басшысы Болат Нүрпейісов. 
Осынау жұмыстардың нәтижесінде сең қозғалып, бүгінде жобалау-сметалық құжаттамаға қаражат бөлініп, мердігерлер іске кірісуде. Осылайша, тұрғындарды толғандырған түйінді мәселенің тиісті шешімі табылуда. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттарды дайындау мақсатында топографиялық түсірімдер және каналдар аумағының геологиялық жұмыстары басталуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив