Бұл туралы ақпарат С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өткен экологиялық клуб белсенділерінің жиынында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Жасыл толқын» аталатын ғылыми экологиялық клубының белсенділер жиынына «Экоәдет» жобасының экобелсендісі, волонтері және экокәсіпкері Людмила Евженкова мен облыстық волонтерлік фронт-офистің жетекшісі Әділбеков Айдостың қатысты. Одан бөлек, табиғатты қорғауға ниетті өзге де жастар шақырылды.
– Кездесу барысында қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экологиялық сананы қалыптастыру және «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың маңызы талқыланды. Бұған қатысушылар күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалай енгізу керектігі жөнінде көптеген құнды кеңестер алды. Людмила Евженкова өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарды табиғатты қорғау үшін белсенді әрекет жасауға шақырды. Оның айтуынша, экологиялық саналы әдеттерді енгізу арқылы қоғамдағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға болады, – делінген мәліметте.
Облыстық волонтерлік фронт-офис жетекшісі Айдос Әділбеков өз сөзінде «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында ағартушылық қызметтерінің дамуы туралы айтты.
– Бұл бағдарламаның басты мақсаты – жастарды экологиялық волонтерлік бастамаларға тарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Әділбеков атап өткендей, экологияны қорғауда жас ұрпақ маңызды рөл атқарады, сондықтан олар үшін лекциялар, семинарлар және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады, –деді ұйымдастырушылар.
«Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында көптеген шаралар өткізілуде. Бағдарлама басталғаннан бері 541 мың адам сенбіліктерге қатысып, 6,5 мыңнан астам техника пайдаланылды. Сондай-ақ, 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан тазартылды. Тазалау жұмыстары аясында 7 мың су нысаны, 26 субұрқақ және 370 шақырым арық тазартылды, ал 82 мың аулалық аумақтан 29 мың тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық акциялар аясында 105 мыңнан астам көшет отырғызылды.
«Таза бейсенбі», «Таза аймақ» және «TazaLike» сияқты акциялар ұйымдастырылып, қалалар мен аудандарда апта сайын сенбіліктер өткізіледі. Сонымен қатар, биылғы 5 шілдеден бастап мессенджерлерде арнайы бот іске қосылып, тұрғындардан 290-нан астам өтінім қабылданды. Бұл өтінімдер әкімдіктер тарапынан толық орындалды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық сананы қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Пікірлер