A+ A A-

talgatzhan 44 27-11-2024, 17:30 0

«ШҚО – бруцеллез ауруы бойынша қолайсыз аймақ» – Рамиль Сағандықов

ШҚО / Бүгін

ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтың айтуынша, өңірде осы аурудың таралуына табиғи ошақтар, ластанған жайылымдар мен суару орындары себеп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұдан бөлек, мал иелерінің санитарлық нормаларды сақтамауы да әсер етпей қоймады.
- Шығыс Қазақстан облысы бруцеллез ауруы бойынша қолайсыз аймаққа жатады. Бірақ соңғы көрсеткіштер бойынша үй жануарлары арасында бруцеллез ауруының азайғаны байқалады. Бұған жүргізілген кешенді іс-шаралар әсер етті, - дейді ол. 
Осылайша, бруцеллезбен ауыратын мал басының саны 2020 жылы - 3 478, 2021 жылы 2 734, 2022 жылы 1 906 болса, биыл бұл көрсеткіш 1 058-ге төмендеді. 
Жануарларды дер кезінде идентификациялау, сапалы диагностика мен вакцинация жағдайды оңалтуға септігін тигізді. Бұл шаралар аймақтың ветеринарияның әл-ауқатын жақсартып, қауіпті инфекциялардан болатын экономикалық шығынды азайтады.
Айта кетейік, биыл өңірде қолайсыз ошақтардың саны төмендеді. 2022 жылы 22, 2023 жылы 18 ошақ болса, жыл басынан бері 8 эпизоотиялық қолайсыз ошақ тіркелген. Бүгінгі таңда оның бесеуі сауықтырылды. Аталған шараларды жыл соңына дейін сауықтыру аяқтау жоспарлануда.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет: bossagro.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив