Грек-рим күресінің шебері Темірлан Тұрдақын жуықта ғана өткен Korea Open турнирінде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жерлесімізден бөлек, Оңтүстік Кореяда өткен сайыста басқа да бозкілем шеберлеріне жүлде бұйырды. Атап айтсақ, Рио Олимпиадасында қола медаль иеленген Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
Грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткендерімен, алтын медаль ала алмады. Күміске қанағат етті.
Ал жерлесіміз Темірлан Тұрдақын мен Мақсат Сайлау (екеуі де 87 келіге дейінгі салмақта), 97 келіге дейінгі салмақтағы Нұрасыл Аманәлі үшінші орынға ие болды.
Фотосурет sports.kz
Пікірлер