Жауапты тұлғалар мәліметінше, балық аулауға тыйым салынғалы 12 тәртіп бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
10-шы қарашадан бастап Бұқтырма балық инспекциясы мен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ қызметкерлері ақ сақа балығының уылдырық шашу кезеңінде балық аулау ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған шаралар жүргізуде. Рейд 10-шы желтоқсанға дейін жалғасады.
- Су қоймаларында ұзындығы 2400 метрге жететін желілер түгелдей жойылды. Олар заңсыз құрылған. Торға түскен тірі балық су қоймаларына қайта жіберілді, - деді инспекция өкілдері.
Жыл басынан бері Бұқтырма балық инспекциясы балық аулау ережелерінің 204 бұзушылығын анықтады. Заң бұзушыларға жалпы сомасы 4 648 228 теңгені құрайтын айыппұл салынды.
Пікірлер