A+ A A-

talgatzhan 32 19-12-2024, 17:00 0

Тарбағатайда «Халық театры» ашылмақ

ШҚО / Тарбағатай

Тарбағатай ауданында «Халық театрын» ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан басшысы Дархан Жөргекбев Өскеменде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі  Тарбағатайда болып жатқан өзгерістердің бірнешеуіне тоқталып өтті. Жоғарыда айтқандай, екі ауылда «Халық театры» ашылмақ. Оның айтуынша, осындай театр бұрын ауданда болған. Ақжар және Жаңаауыл ауылдарында бастау алып, кейін жұмысы тоқтап қалған.
- Қазір театрды қайта ашпақпыз. Оның бірі жұмысын бастап та кеткен. Ол - Ақжар халық театры». Бірнеше аудан мен облыс орталығына барып, өз өнерімізді халыққа паш етті. Ал «Жаңаауыл халық театры» енді ашылады. Бүгінгі таңда аталған ауылға арнайы маманымыз барып, халықпен жұмыс істеп жатыр, - деді Дархан Жөргекбаев.
Ауданда басқа да жаңалықтар бар. Желтоқсан айында Тәуке және Шолақорда ауылдарында жаңа екі бірдей мектептің тұсауы кесіліп, пайдалануға берілді.  Бірнеше ауылдың көшесіне жарықшамдар орнатылды.
- Бұдан бөлек шалғайдағы шекара шебіндегі бірнеше елдімекенге ауызсу тартылды. Балалар ойын алаңы салынып, мектептер Starlink бағдарламасы бойынша интернетпен қамтамасыз етілді,- деді аудан әкімі. 
Оның айтуынша, келесі жылы ауданға қарасты Сарыөлең ауылында жаңа білім ордасы бой көтереді.

Нұрдәулет Қалибеков

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив