A+ A A-

talgatzhan 43 24-12-2024, 16:10 0

ШҚО-да облыстық басқармалар Антикор тексерісінен соң қателікпен жұмыс істеп жатыр

ШҚО / Өзекті мәселе / Бүгін

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша филиалының басшысы Денис Шакенов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, жауапты тұлға осының алдында жемқорлық тәуекелдері, жымқыру фактілері жиі тіркелетін үш саланы айтқан болатын. Соған сәйкес мониторингтер жүргізіліп, ұсынымдар жасалды. 
Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығы алаңында өткен жиында Денис Шакенов осы бойынша қазіргі жағдайға тағы бір тоқталды.
– Мұның алдындағы брифингтерде қылмыстық істер зерттеліп жатқаны айтылған еді. Соған байланысты біздің тараптан берілген ұсынымдар әлі күнге дейін орындалуда. Қазір заң бұзушылықтар тіркеліп жатқан жоқ. Денсаулық сақтау саласы бойынша да жағдайды бақылап отырамыз. Тағы бір айта кетейін, спорт, денсаулық сақтау және білім беру – бұзушылықтар жиі тіркелетін салалар. Не дегенмен бұған мол қаржы бөлінеді. Тұрғындар да осы бағыттағы түрлі жайттармен күнделікті ұшырасады. Десек те біз анықтаған фактілер бойынша жағдай біршама тұрақталды, – деді Агенттік басшысы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив