Құрылыс жүргізілетін орын ретінде Свинчатка ауылы таңдалып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми мәліметпен аудан басшысы Елдос Байрахметов ұсынды.
Шенеуніктің сөзінше, ауданды көп өзгеріс күтіп тұр. Мәлім болғандай, бұрын-соңды бұл ауылда демалыс орны болмаған. Бой көтеретін жаңа жоба аудан әлеуетін көтеруге септігін тигізетін көрінеді.
- Аталған жаңа жоба ауданымыздағы туризмнің дамуына әсер етеді. Свинчатка ауылындағы жобаны іске асыратын инвесторлар дайын. Қазіргі таңда халықпен келіссөздер жүргізілуде. Демалыс орнында қонақүй мен демалыс базаларынан бөлек, халыққа ортақ жағалау мен дәретханалар салынады, - деді аудан басшысы Елдос Байрахметов.
Айта кетейік, ауданда жаңадан әуежай салынуға жақын. Әкімнің сөзінше, құрылыс басталса, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Пікірлер