Жаңадан құрылған ауданда ерекше қажеттілгі бар балаларға арналған емдеу орталығының ашылуы туралы әкім Елдос Байрахметов айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, орталық салынса, жылына 600 балаға дейін қабылдайды.
- Аталған жобаға мемлекет тарапынан 150 млн теңге бөлінді. Негізінен ғимарат 24 орынға арналған. Балаларды оңалту орталығына«Қамқорлық қоры» қажетті жабдықтарды орнатпақ, ал аудан әкімдігі ғимаратқа толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Онда көршілес аудандардағы ерекше қажеттілігі бар балалар да келіп ем қабылдай алады, - деді Елдос Жанболатұлы.
Бұдан бөлек, ауданда көші-қон мәселесі бойынша да бірқатар жұмыс атқарылған. Түрлі санаттағы тұрғындарға мемлекет тарапынан тегін үйлер беріліп, көңіл бөлінуде. Ауданда маман тапшылығы айтарлықтай сезілмейтін көрінеді, тек дәрігерлерге алдағы уақытта сұраныс артуы мүмкін.
Аудан басшысының сөзінше, Үлкен Нарын ауданы тұрғындары 84 пайыз интернетпен қамтылған.
- Мұнда бар болғаны үш ауылда интернет жоқ. Алдағы уақытта ол жақта да интернет мәселесі шешімін табады, - деді әкім.
Бүгінде ауданда 11 мың халық тұрады. Бұрын олардың саны 25 мыңға жеткен.
Пікірлер