ШҚО Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ағаттық жіберген адамды немесе күдікке ілінгендерді азаптау әрекеті өткір мәселеге айналып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, шағымның көбі полиция басқармасы өкілдеріне түседі. Фактілер Өскеменде жиі тіркеледі.
- Өздеріңіз де естіп жатырсыздар. Қазір азаптау әрекеттеріне жол бермеу туралы мәселе көп көтерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде тәртіп сақшыларының қинап, жанын азапқа салмаулары басшылыққа алынуы тиіс. Қазір тергеудің әдістері артқан. Кінәні анықтау үшін өткір сұрақтар қою, сауалнама алу сияқты жолдары бар. Істеген ісін мойындату үшін біреуді кінәлі етуге тырыспау керек. Адам кінәлі болмаса, мойындамайтыны белгілі. Ал оны азаптап, ақты қара дегізу сол бағытта жұмыстың нәтижесіз болғандығының көрінісі, - деді ол.
Пікірлер