A+ A A-

talgatzhan 31 23-01-2025, 11:20 0

Өскемен, Семей және Көкшетауда салынатын ЖЭО-лар қашан пайдалануға беріледі?

ШҚО / Өзекті мәселе / Бүгін

Үш өңірде қолға алынатын ауқымды құрылыс туралы Энегретика министрлігі өкілдері мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, үш қалада салынатын жылу электр орталықтары Қазақстанның теңгерімінде болады.
- Қазіргі кезде Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға берілетін үш жылу электр орталығын салу бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Сонымен қатар бұл ЖЭО-лар «Самұрық-Энерго» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компанияларының меншігінде болатынын хабарлаймыз, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство ақпараты бойынша Көкшетаудағы орталық 2029 жылы, Өскемендегі орталық 2031 жылы, ал Семейдегі орталық 2032 жылы толық пайдалануға беріледі.  
Еске салсақ, 2024 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Ал 10 қыркүйекте Көкшетау ЖЭО құрылысы басталатыны хабарланды.

Фотосурет Ult.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив